Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Есірткіден аулақ бол!» байқауы мәресіне жетті

06.02.2023

742 0

         Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен Қызылорда облысының оқу орындары арасында «Есірткіден аулақ бол!» тақырыбында баннерлер байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алуы.

   Байқауға 36 оқу орны қатысты. Қатысушылар өз ойларын айтуға шығармашылықпен қарап, баннерлерде нашақорлық проблемаларын көрсете алды және есірткіден аулақ болуға шақырды.

Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес: 17 қатысушы өңірлік жеңімпаз деп танылды. Облыстық жеңімпаздар: Арал ауданының №260 орта мектебі – 1 орын, Шиелі ауданының №46 мектеп – лицейі – 2 орын, Қазалы ауданының №234 орта мектебі – 3 орын иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: