Бейсенбі, 25 сәуiр, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Енді жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмесе де болады

21.01.2021

933 0

Сенаторлар жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзімен бірге алып жүру міндетін алып тастайтын заң қабылдады. Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында президент белгілеп берген міндеттердің маңызына назар аударды.

Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңды қарап, қабылдады. Бұл құжат парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Заңға көлік жүргізген кезде жүргізуші куәлігін және көліктің тіркеу құжаттарын өзіңмен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілді.

«Қабылданған заң мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысында жасаған ұсыныстары аясында әзірленді. Соған сәйкес, енді көлік жүргізгенде жүргізуші куәлігін және көліктің техникалық паспортын бірге алып жүру міндеті алынып тасталады. Бұл цифрландыру жұмыстарының нақты нәтижесі екені сөзсіз», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар, отырыс барысында сенаторлар «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қабылдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: