Қызылорда қалалық Полиция басқармасына зейнеткер, 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Арызда көршісі 27 жастағы азамат оның аңғалдығын пайдаланып,алаяқтық жолмен, интернет – банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражат аударып алғанын көрсеткен.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін қала тұрғындарынан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды!
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі