Дүйсенбі, 20 мамыр, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

«Көлік сақшылары-есірткіге қарсы»

27.09.2023

480 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында есірткімен байланысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін және бұл қылмысты террористік әрекетке теңестіруге болатындығын айтқан. Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселесі болып табылады. Нашақорлық – қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі – есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмыш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.
Біздің еліміз көптеген халықаралық есірткіге қарсы жобаларға қатысады, елде халықаралық операцияларды ұйымдастыру, транзит арналарын жою және трансұлттық қылмыстық топтардың жолын кесу үшін құқықтық құралдар жасалды. Құқық қорғау органдары осы зұлымдықтың таралуына қарсы тиімді күресті ұйымдастыруда дәйекті шаралар қабылдауда.
Осыған орай Көліктегі полиция депатаментінің Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл тобының қызметерлері Қызылорда көлік прокуратурасының қызметкерлерімен біріге отырып Қызылорда станциясындағы темір жол вокзалында есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс шара барысында темір жол вокзалының қызметкерлері мен жолаушылар поездарының жолсеріктеріне, сондай-ақ жолаушыларға есірткі қылмысының туғызатын ауыр зардабын және оның заң алдындағы қатаң жауапкершілігін толық жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: