Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді

27.07.2023

634 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде сотталған азаматтардың артынан заңды өкілдері күнделікті сәлем-сауқат әкеліп отырады. Сондай-ақ, келушілер арасында мекеме қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

  • Осы мекемеде інім шалынып жаза басып, өз ісін мойындап, қазіргі таңда жазасын өтеп жатыр. Інімнің айтуы бойынша қызметкерлер арасында қоқан-лоқы көрсетілмейді. Үш мезгіл тамақтар беріліп, киім-кешектер беріліп, ауырған жағдайда медицина саласының мамандарына қаралып, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі екен. Біздің өзіміз келген уақытта жылы шырай қабақ танытып, әкелген тағамдарды тексеру барысында  ұқыптылықпен қарап, әркез күліп қарсы алады. Мекеме қызметкері тарапынан осы уақытқа дейін бізге дөрекі дауыс көтеріп сөйлеген емес. Қаншама адамдармен жұмыс жасасада әр адамның өзінің көңілін табуға тырысады. Осы себепті мекеме әкімшілігіне және ұйымшыл қызметкерлерге өз алғысымды білдіремін- дейді, сотталған азаматтың әпкесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: