Бейсенбі, 02 мамыр, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру

04.10.2023

545 0

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар – ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің беделі мен имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Біз мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесін қалыптастыруымыз керек.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады.
Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді.
Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиіді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдықэтикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты.
Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келеді.
Мемлекеттік қызметте, негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Себебі жан-жақты, білімді, жауапкершілігі мол қызметші өз жұмысын тиянақты жасап қана қоймай, тұрғындар тарапынан болған сыни көзқарастарға, ұсыныс-талаптарға сауатты әрі нақты жауап бере алады. Алдымен қызметшілер заңды жақсы білуі керек.
Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, қызметкердің ел алдындағы жауапкершілігі мұның барлығы билік дәлізіне аяқ басқан адамға қажет – ақ.
Бұл ретте мемлекеттік қызметтің Б корпусына енген әрбір маман алдымен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезіне білуі қажет. Жалпы мемлекеттік қызметтің барған сайын мәртебесі өсіп, жауапкершілігі арта беретін болады.
Өйткені, кез келген мемлекеттік қызметшінің алдына барған адам мәселесінің тезірек шешілуін талап етеді. Сондай-ақ үлкен үмітпен келеді. Бірақ қабылдаудағы адам мұны түсіне бермейді. Жедел шешімін табатын да, ұзақ уақыттан кейін шешілетін де мәселе бар. Осындай сәтте мемлекеттік қызметшілер келушіні сыпайы қабылдап, жағдайды барынша түсіндіруі керек. Сонда ғана келген адам оның парасаты мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне ризашылықпен қарайтын болады. Мұндай қабылдау дәл қазіргідей жағдайда әркімге де өте қажет. Өйткені өзі шеше алмаған қордаланған проблемаларды алға тартып, шеше алмай жүрген мәселесін тез арада шешу оңайға соқпайды.
Сондықтан бұл жерде кәсіби біліктілік пен жауапкершілікке, сыпайы қабылдауға байланысты. Оның үстіне кез келген мамандық иесінен мемлекеттік қызметкердің дәрежесі мен мәртебесі жоғары тұрады.
Мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет – халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету. Сонда ғана еліміз дамыған елдердің қатарына енеді.

М.Дәріқұлов
Қызылорда қаласының мамандандырылған
тергеу сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: