Сенбі, 27 сәуiр, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақсуат ауылдық округінің әкімі таныстырылды

12.07.2023

755 0

Қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен қала әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Абатов Ақсуат ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындарға округ әкімін таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, 9 шілде күні Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі төрт кандидат ұсынды. Округ бойынша 5 602 сайлаушының 4 548 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша Нұрболат Бақытов 3 668 (81,2 пайыз) дауыс жинады.

​​Нұрболат Бақытұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

​Еңбек жолын 2005 жылы «Каспиан Салфа Компания» ЖШС-де оператор ретінде бастаған.

​2013-2014 ж.ж «Жер-Сәулет» фирмасы «Қызылорда жер-2» ЖШС жерге орналастыру бөлімінің басшысы;

​2014-2016 ж.ж «Жер-Сәулет» фирмасы «Қызылорда жер-2» ЖШС директорының орынбасары;

​2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін абыроймен атқарып келді.

​​Жиында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев жаңадан сайланған әкімге куәлік табыстады. Қала әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Уәлиұлы округ әкіміне мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуды, халықпен кеңесіп жұмыс жасауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: