Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушы, студенттері арасында «Мен өмірді қалаймын!» ұранын ұстана отырып нашақорлыққа қарсы өлең жазу байқауын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі мәселесін түсіндіру денгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау болып табылды.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 33 үздік жұмыс жолданды.
Байқауға қатысушылар есірткіге қарсы өлеңдерін жазып, бейнероликте дауыстап, кейін БАҚ мен әлеуметтік желілерде жариялады.
Қатысушылар жұмыстарында нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын қиындықтар жайлы айтып, нашақорлықтан аулақ болу керектігі жайлы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын ұсынуға шығармашылықпен қарады, әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 13 қатысушы ынталық танытқаны үшін, 17-і жеңіске деген жігерлігі үшін, ал 3-і жүлдегер атанды.
Байқаудың облыстық жеңімпаздары: Қармақшы ауданы №158 орта мектеп оқушысы – Жалаладин Зухра, Арал ауданы №220 орта мектеп оқушысы – Қожамұратова Айдана, Шиелі ауданы N46 мектеп – лицей оқушысы – Ракишева Мерей.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!