Бейсенбі, 13 наурыз, 16:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Пәтер тонаған күдікті ұсталды

13.03.2025

23 0

Фото: el.kz/ Арман Мұхатов

Қызылорда облысында бірнеше пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге 10 млн теңгеден астам шығын келтірген күдікті құрықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті жергілікті тұрғынды ұстады. Наурыз айының 7-8 күндері аралығында екі қала тұрғыны «102» арнасына пәтер ұрлығы туралы арызданған: 2 млн теңге және алтын бұйымдар ұрланған. Ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта үйдің пластик терезесін бұзып кіріп, құнды заттарды қолды еткен. Сонымен қатар күдіктінің жыл басынан бері тіркелген бұдан бөлек 3 ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге 10 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа да қылмысқа қатыс бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: