Жексенбі, 19 мамыр, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі сотталғандар кітапханадан рухани азық алды

06.09.2023

217 0

Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі жастарды аудандық Абай атындағы орталық кітапханаға алып барды. Ондағы мақсаты – олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.

Кітапхана қызметкері Г.Кулмашева сотталған азаматтарға кітапхана тарихы , кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, Абай әлеміне саяхат жасап, кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады.

«Қазіргі күні кітапхана қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Мұнда өзіңізге ұнайтын кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар қызықтырса іздегеніңіз табылды, оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек»,-деді кітапхана қызметкері.

«Мен кітапханаға жиі барамын. Көбіне тарихи кітаптарды алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың молайады, есте сақтау қабылетін артады. Өзім сияқты жастарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробаця қызметкерлеріне алғысым шексіз»,-деді есептегі сотталған.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: