«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған қоғамдық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских өңірде халықпен кездесіп, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылауда. Штаб мүшесінің бүгінгі кездесуі Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде ұйымдастырылды.
Референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге, мемлекеттік басқару процесіне араласуына мүмкіндік береді деген депутат жалпыхалықтық референдумдағы дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді.
«Конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы айтарлықтай өзгереді. Президент жариялап отырған референдум төңірегінде конституцияға енгізілетін өзгерістер қызу талқылануда. Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар мемлекеттік құрылысты нығайтудың жаңа тарихи кезеңі, ал бүгінгі жарияланған конституциялық реформаға байланысты референдум туралы шешім Президент Жолдауының жүйелі жүзеге асырылып жатқанының айғағы деуге болады. Ал үлкен жеңістерге тек бірлік арқылы ғана жетуге болатыны айтпаса да түсінікті. Конституциялық реформа бойынша Президенттің бірқатар өкілеттілігін Үкіметке, министрліктерге, жергілікті атқарушы органдарға беру, сондай-ақ облыс әкімдерінің тағайындалу мәселесі халық талқысына түсетін болады. Сондықтан 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындауға тиіс», деді Геннадий Шиповских.
Сайлаушылармен кездесуге облыстық штабтың мүшесі Лаура Ибраимова мен аудандық штабтың мүшелері де қатысып, тұрғындарды науқан күні белсенді болуға шақырды.
Оңтайлы өзгерістерге тек бірлік арқылы ғана жетуге болады деген сексеуілдік сайлаушылар алдағы ауқымды шарадан зор үміт күтетіндерін жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!