Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстаннан шетелге жанармай әкетудің 288 фактісі әшкере болды

07.04.2023

660 0

Сурет: t.me/Minenergokz

31 қаңтардан бері Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдары мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісін анықтады.

Ол бойынша сот 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салып, 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель тәркіленді.

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63 820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023ж.) күшіне енген күннен (31 қаңтар 20236 жыл) бастап электронды декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шара қабылдаған.

Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары тұрақты негізде алты айлық тыйым кезеңінде жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: