Жұма, 29 наурыз, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Олимпиаданы ата-ана бақылай алады

31.01.2023

438 0

Олимпиада – оқушының қандай мамандыққа бейім екенін айқындайтын, білім көрсеткішін саралайтын сынақ. Мұндай білім бәйгелерінде шын үздіктер анықталады.

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында жылдағы дәстүр бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиаданың қала­лық кезеңі басталды.

Олимпиада 9-11 сынып оқушылары ара­сында физика, математика пәні бойынша өтуде. Талапкерлерге қалалық білім бөлімінің бас­шысы Ерлан Боданов сәттілік тіледі.

– Жарысқа математика, физика пәнінен барлығы 146 оқушы қатысуда. Білім бәйгесінде шәкірттеріміздің мерейі үстем болсын. Білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Алдағы уақытта қалаған мамандық иесі атанып, үлкен жетістікке жетулеріңе тілекшіміз. Айта кетейік, олимпиада «respa.daryn.kz» онлайн платформасы арқылы жүргізілуде. Әр қатысу­шы үшін жеке компьютер және веб камера бекітілген. Екі сағат уақыт беріледі. Бұл біздің оқушыларға толық жеткілікті деп есептейміз. Жауаптары 16 сағаттың ішінде шығады. Сіздерге үлкен сәттілік тілеймін, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Математика мен физика пәні бойынша 9-11 сыныптар арасында 146 оқушы сынақ тапсыруда. Іріктеу кезеңі 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткізіледі деп күтілуде.

Қала аумағындағы 55 мектеп пен 15 жеке мектептен барлығы 1572 оқушы бақ сынайды. Жүлделі орын иеленген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алады. Ал одан озық шыққан талапкерлер республикалық кезеңге қатысады. Үміт пен сенім қатар үйлесім тапқан білім додасында жас жеткіншектерге жеңіс сәттілік болады деп сенеміз.

Олимпиаданың өту барысын «Адалдық алаңы» кеңсесі мамандары, ата-аналар ко­митеті, қоғамдық емес ұйым өкілдері бақы­лауда. Осыған орай ашықтық пен айқын­дылықты қамтамасыз ету үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде «youtube» желісі арқылы жүргізілуде. Әрбір аудиториялар бейне­бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізудегі биылғы ерекшеліктердің басымдығы келесі тұрғыда іске асырылады:

Олимпиада «respa.daryn.kz» онлайн плат­фор­масы арқылы жүргізіледі. Әр қатысушы үшін жеке компьютер және веб камера бекі­тілген. Тапсырмалардың алдын ала көпшілікке жарияланып кетуін болдырмау мақсатында әрбір қатысушыға жеке код белгіленеді. Соны­мен бірге қатысушылардың ғимарат ішіндегі қауіпсіздігі мен денсаулығын сақ­тау, олимпиаданы өткізілетін мерзімдерде ғима­раттың тұрақты электр энергиясымен, интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстары толық жүргізілді. Олимпиада бойынша сұрақ туын­даған жағдайда мәселелерді жылдам шешу мақсатында СaII-орталығы (87242 212883) ұйымдастырылды.

Олимпиада жүлдегерлері Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің дипломдары­мен, грамоталарымен марапатталады.

М.ШАЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: