Бейсенбі, 28 наурыз, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Үйдің баспалдағын жасап беремін деп ақшасын алдап алған алаяқ ұсталды

02.06.2021

664 0

Қызылорда облыс орталығының тұрғыны үй иесіне «үйдің баспалдағын жасап беремін» деген желеумен сеніміне кіріп, 2 миллионнан астам ақшасын алдап алған. Алаяқ былтырдан бері келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үйдің баспалдағын жауып бермей қашып жүрген. Сондықтан үй иесіне полицияға жүгінуге тура келген.    

Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің  қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: