Жұма, 03 мамыр, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының студенттері Қостанай академиясымен танысты

20.09.2023

324 0


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Мирамбек Ұзақұлы, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің заң және құқық факультетінің 1-курс оқитын білім алушыларымен кздесті. Шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев  атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.
Студенттер назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндірді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет  лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады. Сондай-ақ, қазіргі оқып жатқан оқуларын Қостанай академиясында үш жыл жалғастырып оқитындарын, сонымен қатар, Қостанай академиясына қабылданып жатқан түлектер базасының кеңеюііне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты,- кадр саясаты тобының маманы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Мөлдір Жолдасбекқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: