Сенбі, 27 сәуiр, 15:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда ст. ЖПб-де салтанатты жиын өтті

29.08.2023

367 0

2023 жылғы 29 тамыз күні Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің акт залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан бөлім бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Б.Жұмаділда жеке құрамды Конституция күні мерекесімен құттықтап, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау ішкі істер органдары қызметінің негізі болып табылатынын атап өтті. Бөлімнің бірқатар қызметкерлері Конституция мерекесіне орай өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін, ҚР Ішкі істер министрінің, Қызылорда облысы әкімінің, Көліктегі ПД бастығының және бөлім бастығының бұйрықтарымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: