Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Жүк тасымалдаушы 63 есірткі заты мен 43 телефонды түрмеге өткізбек болған

11.07.2021

879 0

Түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған қызылордалық жүк тасымалдаушы ұсталды.

9 шілдеде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері мекемеге өтпек болған КамАЗ жүк көлігіндегі цемент салынған қаптарды тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды тапты. Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Жүк көлігіндегі 196 қап цементтің жеті қабынан 10 және 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана «өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес» затты, 43 дана ұялы телефон, 14 дана құлаққап, 33 дана зарядтау құрылғысы, 13 дана SIM-карта, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және үш литр спирттік ішімдік тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: