Бейсенбі, 10 қазан, 09:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада екі алаяқ әйел сотталды

21.01.2021

1091 0

Өткен жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны  полицияға арызданып, екі әйелдің «Қызылорда қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін»  деген желеумен жалпы 2 270 000 теңге көлемінде ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /алаяқтық дерегі/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.  

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғындары 54 және 44 жастағы екі азаматша алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған қылмыстық әрекеттерін толығымен мойындаған.     

Бұдан бөлек, тергеу барысында олардың бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.  Сот процесінде олар өз кінәсін толығымен мойындады.   

Сөйтіп, Қызылорда қалалық сотының 06.01.2021 жылғы үкімімен сотталушы азаматшалардың бірі кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге, ал екінші  әйелге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалған.

Қызылорда облысы  Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: