Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мас жүргізуші ұсталды

30.06.2021

567 0

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң  бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері 25 маусым күні «Ауди А6»  маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Муратбаев көшесімен жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Құқық бұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: