Жұма, 19 сәуiр, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қауіпсіздік белдігін тақпаған 58 жүргізуші анықталды

29.01.2021

1608 0

Облыс көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтар 10 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 308 дерегі анықталды.

Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың /ҚР ӘҚБтК-нің 590.5-бап/-18 дерегі, заңсыз қайта жабдықтаудың /ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бап/-4 дергеі, ұялы телефонмен сөйлесудің /ҚР ӘҚБтК-нің 591,1 бап/-24, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың /ҚР ӘҚБтК-нің 592 бап/-58, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың /ҚР ӘҚБтК-нің 593-бап/-58, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің /ҚР ӘҚБтК-нің 599 бап/-4, жаяу жүргіншіге жол бермеудің /ҚР ӘҚБтК-нің 600-бап/-9, соқтығысу сәтін туғызудың /ҚР ӘҚБтК-нің 606 бап/-4, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың /ҚР ӘҚБтК-нің 608-бап/-3, құжатсыз көлік құралын басқарудың /ҚР ӘҚБтК-нің 612,1 бабы/-35 деректері анықталды.

Сонымен қатар, 24 автокөлік айып тұрағына қойылып, 10 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынған. 

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда және басшылықтың қатаң бақылауында.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: