Бейсенбі, 02 мамыр, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар туыстарымен қауышты

25.09.2023

293 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіің №37 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін “ашық есік” күні ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта №37 мекемеде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйел азаматшалар да бар. “Ашық есік” күніне бірнеше өңірден (Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда қаласы) сотталғанның туыстары келді. Оларға сотталғандардың жатын орындары, асхана, кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілердің бірінің әйелі, бірінің ағасы, енді бірінің ата-анасы келді.

  • Бүгін маған апам келді. Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 2 жылдай уақыт болды. Күнделікті телефонмен сөйлесіп тұрғанымызбен бетпе –бет жүздескенге ештеңе жетпейді екен. Апамды көріп көз жасымды тия алмай тұрмын. Жаза басып жаңылып, 5 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Жазамның 2 жылын ғана өтедім. Өкінемін, отбасыңмен бірге болудың нағыз бақыт екенін енді түсінгендеймін. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіргім келеді,-деді сотталған азаматша.
  • Бүгінгі кездесуге жолдасыма келіп тұрмын. Немересін де ала келдім. Атасы немересін сағынып қалыпты. Ата жүгіргенде менің де көзіме жас келді. Жолдасым абайсызда жол –көлік оқиғасын жасаған. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз – деді сотталғанның жұбайы.
  • Іс-шара соңында сотталғандардың туыстары мекемеге келуге және туыстарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке шын жүректен алғыс айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: