Жұма, 27 желтоқсан, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді

16.03.2023

857 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен №60 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған «Ашық есік» күні өтті. Шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы,Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шарипбаев Даурен Сактапбергенович, ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы, ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасарлары: Оразгелді Ұзақбай, Әлмеш Баукен Серікұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шаймбетов Жангельды Мырзагельдиевич және АХАТ секторының меңгерушісі Ескараева Нуржамал Итеновна, сектор статисті Шарапова Жадыра Баянқызы, «Еңбек-Қызылорда» филиалы директорының орынбасары Баудинов Ернур Болатович қатысты.
Түзеу мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек өткізудегі мақсат – сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету, сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау.
-Қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Бүгінгі шара аясында 75 сотталған өз өтініштерімен жүгінді. Оларды қабылдау барысында қылмыстық істері, жаза мерзімі бойынша неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері, мекеме аумағынан кәсіп ашу, сотталғандардың арасында некеге тұру бойынша, денсаулық жағдайы, атқару парақтары жөнінде сұрақтарын қойды. Жазасын өтеушілерді мұқият тыңдаған басшылар олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қызылордада сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді
  • «Бүгінгі шарада АХАТ маманына некеге тұру туралы сұрақпен жүгіндім. Сотталғанға дейін азаматтық некеде тұрғанмын, енді заңды түрде некеге тұрғым келетінін айттым. Сала маманы некеге тұрудың шарттары мен тәртібін түсіндіріп, тұщымды жауап алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.
    Шара соңында ҚАЖ департаменті басшылығы осындай бағыттағы іс-шара алдағы уақытта жазасын өтеушілерге тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты.

  • Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: