Сейсенбі, 19 наурыз, 10:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер жоғалған азаматты тапты

26.01.2021

1049 0

Облысымыз бойынша ауа – райының күрт бұзылуынан біраз көлік бұзылып,  жолда қалды.    

          Бұл уақытта полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жүргізу жұмыстарын күшейтті.

          Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері боранды түнде жолда бұзылған көліктің жүргізушілеріне көмек беріп, көліктерінің техникалық ақауларын жөндеуге көмектесті.

          Бұдан бөлек, боранды күні жоғалған азаматты аман – есен тауып, туыстарына тапсырды. Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғыны туған бауырының жоғалғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторына айтып, көмек сұрады.  Жоғалған бауырын тауып беруді өтінген  азаматша ағасының жүйке ауруымен ауыратындығын айтқан.

Жоғалған адамның жағдайын ескере келе, полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмыстарына кірісті.     Облысымызда  23 қаңтар күні ауа – райы кенеттен бұзылды. Боранды күні ауданның барлық ауылдары мен далалық жолдары,  вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды. 

Жоғалған азамат Бидайкөл ауылындағы көпір жанынан табылып, туыстарына   аман – есен тапсырылды.

Өз кезегінде ағасының  аман – есен табылғанына қуанған азаматша тәртіп сақшыларына  алғысын білдірді.   

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: