Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Рақымшылық кімдерге жасалады?

28.12.2021

681 0

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай биыл жазасын өтеушілерге жеңілдік қарастырылған. Ел тарихында 9 рет жасалған рақымшылыққа 14 мыңнан астам сотталған ілікті.

7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Заңға сәйкес 14045 сотталғанға рақымшылық жасалды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2236 сотталушыға және 11310 пробациялық есепте тұрған адамға рақымшылық жасалғанын айтты. Одан бөлек 3818 адам пробацияда тұрғандар тізімінен босатылған.

Сондай-ақ 1294 сотталушы мен пробацияда тұрған 7294 адамның жаза мерзімі қысқартылып, сотқа дейінгі өндірістегі 5 мың қылмыстық іс тоқтатылды. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылса, 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелерін қолданды.

Құжаттың басты көздегені де осы – аса ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту. Ал рақымшылық ардагерлерге, кəмелеттік жасқа толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.

Қылмыс жасап темір торға тоғытылып, рақымшылықпен босап шыққандар тағы да қылмыс жасаса нақты шара қолданылмақ. Бұл туралы Е.Тұрғымбаев баса айтты. Одан бөлек министр мұндай дерек орын алмас үшін оларды жұмысқа орналастырған жөн екендігін де тілге тиек етті.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: