Сенбі, 21 желтоқсан, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Саяжайға ұрлыққа түскен

27.04.2021

1428 0

24 сәуірінде Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушы саяжай учаскесінен белгісіз біреулер сыйымдылығы 3х2 метр металл бөшке мен құрал-саймандарды ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген  материалдық шығын 250 мың теңге.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің осы тектес деректерге қатыстылығы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тасбөгет полиция бөлімінің басшылығы саяжай иелеріне және кент тұрғындарына сергек болуды, сондай-ақ үйлеріне бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнатуды ескертеді. Сондай-ақ, пәтер ұрлығының алдын алу үшін кіреберіс есіктерді сенімді құлыптармен нығайту, ал терезелерге темір торлар орнату қажет. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: