Сенбі, 28 желтоқсан, 00:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сот ғимаратының қауіпсіздігі әр қызметкердің парызы

16.10.2024

553 0

Сот ғимаратының қауіпсіздігі әр қызметкердің парызы
Сот ғимараты стратегиялық маңызы бар, елдегі өте күрделі, қоғамда қордаланғын мәселелер шешімін табатын нысан болып табылады. Осы айрықша ғимараттың тыныштығы мен қауіпсіздігі барлық қызметкердің парызы. Дегенмен бұл істе сот приставына жүктелер міндет ауқымды. Осы орайда сот приставының жұмысын аз-кем тоқталып өтелік.
Сот приставы-мемлекеттік қызметте тұратын, өзіне жүктелген міндеттерді орындайтын және сот отырысы кезінде залда тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға.
Сотқа келушілерді алғаш қарсы алып, құжаттарын тексеріп, тізімге тіркеп сот мәжіліс залдарына кіргізетін сот приставы. Сот приставының қызметы өте күрделі және жауапты жұмыс. Сот приставы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сот приставтарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері:
Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет;
Бас бостандығынан айыруға емес жазалардың орындалуын бақылау;
Іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы басқа жауапты істерді атқару.
Осы аталғандардың ішіндегі сот отырысындағы қауіпсіздік тақырыбына тоқтала кетсек, сот отырысының қатысушылары мен азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында сот приставтары отырысқа сот бөлмелерінің дайындығын тексеру қажет. Сот отырысындағы судьялардың, қатысушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету сот отырысының залындағы приставқа жүктелген. Сот приставы сот ісін қарау барысында төрағалық етушіге бағынады және оған сот мәжілісі залында тәртіпті сақтауға ықпал жасайды.
Сот приставының қорғаушылық функциясын жүзеге асыруы сот пен судьяның сотталушыға және басқа да азаматтарға процессуалдық міндеттемелер шараларын қолдану шешімін орындауда көрініс табады. Сот қызметін ұйымдастыру мақсатында, іс қарау кезінде сот приставы сот соттың мәжіліс залында басқа іске қатысушыларға Заңда көрсетілген тәртіпте ескерту жасауға және басқа да тәртіпсіздіктің алдын алуға шара қолдана алады.
Сотталушыны отырыс залында қамауға алу, сонымен қатар сот процесі кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаларды сот мәжіліс залынан шығару секілді шешімдерді орындау да сот приставына жүктелген. Судьяның немесе сот приставының іс-әрекетті тоқтатуды талап еткен заңды өкімін орындамаған жағдайда, тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің арнайы баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сот приставы сот ғимаратында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушыны жеткізуге, құжаттары мен заттарын алуға құқылы.
Аталған қызметтер жиынтығы сот приставының тек сот отырысына ғана қатысты бір қыры. Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларынан аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі іске сай өз септігін тигізеді.
Сот ғимаратының қауіпсіздігін сақтау мақсатында, әр қызметкер сот приставымен өзара үйлесімде жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз соттың, ең бастысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғы шарты болып табылады.

Б.Изенов
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: