Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Сүйіктісінен қаржылай сыйлық алатын қыздар заң алдында жауап бермек

05.06.2024

747 0

Сурет:Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Заңгер Қайырхан Балғабеков қыздарға сүйіктісінен ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Заңгердің сөзінше, қазіргі таңда Түркістан облысында іс қаралып жатыр. 

«Ол іс бойынша жігіт өз сүйіктісіне 10, 15, 20 мың теңге ақша аударып жүрген. Екі жылдың ішінде аударымдар сомасы 1,4 миллион теңгеге жуықтап қалған. Кейіннен ол қыз ол жігітпен жүргісі келмей, екеуі екіге кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлайды. Осылайша ол қызды сотқа берген. Қазір іс бойынша қиындықтар туындап жатыр. 

Себебі аударымдар жасалған, ақша түсіп отырған. Енді судья ол сыйлық ретінде берілгенін дәлелдеуімізді сұрайды. Ал олар қарым-қатынаста болған кезде жазған хаттардың бәрі өшіп кеткен», – дейді заңгер. 

Заңгер егер ақша аударымдары сыйлық ретінде беріліп отырғанына дәлелдер болмаса бұл негізсіз байлық деп танылуы мүмкін екен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: