Бейсенбі, 09 мамыр, 03:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері ұлттық киімді дәріптеді

18.03.2024

268 0

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Бүгін 18-наурыз- Ұлттық киім күні.
Дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде «Ұлттық киім» күні өтті. Мекеме қызметкерлері өзге халыққа ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар қазақтың ұллттық киімдерін киді.

«Бүгінгі мерекеде ұлттық киімді насихаттап отырмыз. Ұлттық киімдерді дәріптеп, құрметпен қарау және оны күнделікті кию — әрбір өскелең ұрпақтың парызы. Себебі, ұлттық киім қазақ халқының тарихынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертеді, ою-өрнегінде,әрбір әшекейінде халқымыздың қайталанбас көрінісі жатыр,-деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: