Дүйсенбі, 25 қараша, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сот кабинеті арқылы электронды құжаттарды жіберу тәртібі

31.08.2023

798 0

Сот кабинеті – сотқа жүгінуші азаматтар үшін сот жүйесіне қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған электрондық ақпараттық сервис болып табылады.
Әрбір сотқа жүгінетін азамат халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алып, «Сот кабинеті» арқылы үйінде немесе жұмыс орнында отырып, сотқа қажетті құжаттарын жібере алады.
«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулық сотқа құжаттарды электронды құжат нысанында беру мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа электронды құжаттарды «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге құқылы. Ол үшін аталған тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу қажет. «Сот кабинеті» сервисінде тіркелген тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып табылады.
«Сот кабинеті» сервисінде авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН арқылы жүргізіледі.
«Сот кабинеті» сервисінде авторлану рәсімінен өткеннен кейін электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушылар сотқа:
• талап арызбен;
• талапты қамтамасыз ету туралы арызбен;
• пікірмен;
• қарсы талаппен;
• іске кірісуі туралы арызбен;
• сот отырысы хаттамасына ескертулермен;
• сот отырысының дыбыс- немесе бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулермен;
• сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арызбен;
• әділет органдарына атқару парағын жіберу туралы арызбен;
• сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқаларын) қайталап беру туралы арызбен;
• атқару парағының телнұсқасын беру туралы арызбен;
• төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арызбен;
• өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы арызбен;
• сайлауға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың сайлау құқықтарын қорғау туралы;
• жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту жөніндегi арызбен;
• заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызбен;
• азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп тану туралы арызбен;
• азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз не деп тану туралы арызбен;
• кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызбен;
• жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арызбен;
• жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызбен;
• жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу туралы арызбен;
• Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арызбен;
• азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы арызбен;
• нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағыммен;
• жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы арызбен;
• аралық соттардың шешiмдерiне шағымдану туралы арызбен;
• сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызбен;
• жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызбен;
• төрелік шешіміне шағымдану туралы өтінішпен;
• апелляциялық/жеке шағыммен;
• кассациялық шағыммен;
• сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішпен;
• сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызбен және де тағы да басқа өтінішпен жүгіне алады.
Сотқа берілетін құжаттар мәтіндік пішінде жүгіндіріледі (қаріп 14 Times New Roman, бір жарым интервал).
Әрбір құжат электрондық құжаттарды беру жүйесіне жеке файл түрінде жүгіндірілуге тиіс. Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес болуға тиіс. Пайдаланушы жүгіндіретін файл пішіні *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес болуға тиі. Әрбір файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.
Электрондық құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы «Талап арыз (арыз)» бөлімін және өтініш түрін таңдауды жүзеге асырады. Өтініш түрін таңдағаннан кейін пайдаланушы электрондық талап арыз (арыз) нысанын толтырады, онда мынадай деректер көрсетіледі:
облыс;
талап арыз (арыз) берілетін сот;
Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда:

  • «төлемеу» алаңында белгі қойылады;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлеуден босатылған істер/талапкерлер санаты көрсетіледі;
    мемлекеттік баж сомасы;
    мемлекеттік баж «электрондық үкімет» төлем шлюзі арзылы онлайн төленетін жағдайда «онлайн төлем» алаңы толтырылады;
    төлеу туралы түбіртектің скан-көшірмесі жүгіндіріледі;
    арыздың сипаты;
    істің санаты;
    даудың жалпы сомасы;
    процесс тараптары.
    Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер, электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге электрондық құрылғылар арқылы төленген жағдайда пайдаланушы электрондық құжаттарды беру жүйесіне мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының (төлем тапсырмалары, түбіртектер, чектер және басқа) көшірмесін жүгіндіреді.
    Электрондық талап арызға (арызға) құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса тіркеледі.
    Пайдаланушы электрондық құжаттарды беру жүйесіне тиісті файлдарды жүгіндіреді. Файлдарды жүгіндіру аяқталғаннан кейін пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдалана отырып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
    Мемлекеттік бажды «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу электрондық талап арыз (арыз) нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі. Төлем құжаты электрондық талап арыз (арыз) нысанына *pdf пішінінде автоматты түрде жүгіндіріледі. Талап арыз (арыз) пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі. Беріліп отырған талап арыздардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар АІЖК-нің 150 және 151-баптарында белгіленген. Жіберу туралы талонның қалыптастырылуы талап арызды (арыздарды) жіберуді растау болып табылады. Тіркеу туралы талонның қалыптастырылуы талап арызды (арыздарды) тіркеуді растау болып табылады. Берілген талап арызды (арызды) тіркеу қабылданбаған жағдайда пайдаланушы «Қосымша құжаттарды жіберу» функциясын пайдаланып, қажетті құжаттарды қосымша жібере алады.
    Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисінде берілген құжаттарды қарау статусы мен нәтижесі қарасытрылған. Жіберілген құжаттар «Берілген құжаттар» қосымша бетінде көрсетіледі. Берілген құжатты қарау нәтижесімен танысу үшін тізімде оны басу керек. Нәтижесінде терезе ашылады, онда:
    берілген құжат туралы ақпаратпен;
    қарау статусымен немесе істі қарау барысының динамикасымен;
    жауаппен танысуға болады.
    Сотқа берілген құжаттар жайлы пайдаланушыны хабарландыру функциясы енгізілген. Егер электрондық құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы іс бойынша жауапкер болса, ол қарап, талап арызбен (арызбен) таныса алады. Осы функцияны пайдалану үшін пайдаланушыға «Хабарландырулар» қосымша бетіне көшіп, тиісті хабарландыруды таңдау қажет. Нәтижесінде терезе ашылады, онда:
    талап арызбен ;
    істі қарау барысының динамикасымен танысуға болады.
    «Сот кабинеті» – ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын көрсететін заманауи технологиялардың бірі.
    Қазіргі таңда сотқа келіп түсетін талап коюлар, өтініштер және істерге қатысты құжаттардың көбі «Сот кабинеті» арқылы түседі.
    Бұл көрсеткіштер сот кабинетінің пайдаланушы азаматтарға тиімділігін анықтайды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының әкімшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: