Сәрсенбі, 01 мамыр, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында психологиялық клубтың кезекті отырысы өтті

16.11.2022

642 0

Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37, №60 мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылған. Міне, сол клуб мүшелеренің кезекті отырысы №60 мекемеде өтті.

ҚАЖД мәліметінше, шараға Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының сектор басшысы Шакизат Қаратайұлы, орталықтың аға сарапшысы Айжамал Ахметова  және сотталғандар қатысты. 

«Жанжалсыз өмір сүр» тақырыбындағы сабақта сотталғандар белсенділік танытып, өз ойларымен де бөлісті. Сабақ барысында жазасын өтеушілермен эмоция мен сезімдерді түсіну және білдіру дағдыларын қалыптастыру, жанжал жағдайында сенімді мінез-құлық, жеке қасиеттер туралы білімді қалыптастыру мақсатында тренинг жаттығулары жүргізіліп, клуб мүшелерінің арасында топтық пікір-талас өтті

Кездесу соңында сала мамандары тарапынан сотталғандарға психологиялық кеңес беріліп, сотталған азаматтар да көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: