Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сот биліктің үшінші тармағы

26.04.2023

714 0

           сурет ашық дереккөзден алынды

   Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлеке және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.

  Қазіргі заманғы мемлекеттің тыныс-тіршілігінің маңызды салаларының бірі – сот жүйесі. Ал, Заң мен тәртіп – бұл құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды ұғым, бұл соттардың өз кезегінде сот төрелігін жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

  Сот жүйесінің қалыптасуы Қазақстан өз  тәуелсіздігін алған жылдары болды. Содан бері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нығайту және оны іске асыруды қамтамасыз ету бағытында үлкен серпіліс жасалды және құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

  Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әр «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

  Сонымен қатар, мемлекетті мемлекет етеін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асырушылардың алдында қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын орган – сот жүйесі тұрады. Себебі елдегі бар азаматтар заң алдында тең болғандықтан оларға қатысты заңбұзушылық жағдайы байқалғанда істің ақ-қарасын анықтап, айыптыны заң бойсындыратын да сол мемлекеттік сот органы.

   «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді.

   Қара қылды қақ жаратын әділ сот төрелігін жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның жарқын дәлелі ретінде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасы судьяларының съезін айтуға болады.

  Сондай-ақ, құқықтық мемлекет белгісінің бірі-сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

«Соттың беделі – мемлекеттің беделі». Құқықтық мемлекетке жету жолындағы басты міндет – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мінсіз қорғау десек, бұл мәселеде ашықтық пен жариялылықтың маңызы зор.

 Сондықтан соңғы жылдары салаға енгізілген өзгерістердің барлығы саланың ашықтығын, тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе сандық технологиялардың сот жүйесіне көптеп енгізілуі сала жұмысын халыққа оңтайлы етіп қана қоймай, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға да оң ықпал етті. 

Бүгінгі күні «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» атты жеті жоба халықтың сотқа деген көзқарасы мен сенімін арттыруға бағытталған.

Халық толықтай сотқа үміттеніп сенетін болса, сот үлгілі сот болады.

Ол биліктің үшінші тармағының тамыры терең әрі берік екенін көрсетеді.

  Сот жүйесін жетілдіре түсу жолында жасалып жатқан барлық игі шаралар әлі де жалғаса бермек. Олардың бәрі сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата заңымыздың арқауында іске асады.

М.Дәріқұлов,

Қызылорда қаласының

мамандандырылған

тергеу сотының

жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: