Сенбі, 04 мамыр, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат тағы да жол ережесін бұзды

08.09.2021

513 0

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Ергешбаев көшесінің бойында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген және 22 жастағы азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

Құқық бұзушыны ұстаған полицейлер, наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіп, оның нәтижелері бойынша жеңіл мас болу дәрежесі анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: