Сенбі, 27 сәуiр, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

15.06.2021

599 0

         2021 жылдың 13 маусым күні  танғы 07:30 уақытта Қызылорда қаласының  көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 28 тамыз  2017 жылы 5 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

         Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

     Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: