Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Бөбек» санаториялық бөбекжай балабақшасының тәрбиешілерімен бірге «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес отбасынан басталады» атты ақпараттық-танымдық сағаты өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, зардаптары және онымен күресу жолдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат беріліп, балабақша тәрбиешілері өз ойларымен бөлісті.
Бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері осы тақырыпқа жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты.
Қөрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған басылым беттеріңдегі материалдар, ҚР заңдары және әдебиеттер қойылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!