Дүйсенбі, 25 қараша, 08:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Таиландта құлдықта болған қазақ қыздары құтқарылды

21.02.2024

777 0

Фото: Cыртқы істер министрлігі

Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық қыз құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қаңтар айының соңында Қазақстанның Таиландтағы консулының WhatsApp мессенджерінде қазақстандық әйелдің еңбек құлдығында жүргені туралы хабарлама түскен.

«Ол көмек сұрап, оны ол жерден алып кетуді сұраған. Жергілікті билікпен байланыса отырып, екі азаматымыздың еңбек құлдығында жүргенін анықтадық. Біз бар күшімізді салып, бір ай бойы келіссөз жүргіздік, азаматтарымызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Олардың бірі Алматыдан, екіншісі Ақтөбеден», – деді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олар қыздардың әрқайсысының бостандығы үшін 10 мың доллардан талап еткен.

«Дипломаттарымыздың көмегінің арқасында біз оларды бір тиынсыз құтқарып алдық. Олар 10 мың доллар немесе қыз болса жезөкшелік, жігіт болса ағзаларын сату деген шарттарды қойды», — дейді Смадияров.

Екі қыз да интернеттен жарнама көріп, Таиландқа жұмысқа барған. Екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға шетелге жұмыс істеуге барар кезде барлық шарттарды, оның қандай компания екені және жауапкершілік ауқымы туралы ақпаратты мұқият тексеру керек екенін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: