Дүйсенбі, 05 маусым, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (1951)
03.06.2023
PDF мұрағаты

Техникалық құралдар ұрлаған аудан тұрғындары ұсталды

15.01.2021

614 0

Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні сағат  15:00-де Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданының Полиция бөліміне Жалағаш кентінде жаңадан салынып жатқан аудандық ауруханасынан хабарлама түскен.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, 2021 жылдың қаңтар айының 12-нен 13-не қараған түні белгісіз біреулер аурухананың құрылысының бірінші қабат терезесі арқылы кіріп, дәнекерлеуші аппаратын (сварочный аппарат) және ағаш кесетін электрлі арасын (пчелка) жасырын ұрлап кеткен.

Жалағаш АПб-нің криминалды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Жұмағали Есенғали және жедел уәкілдері полиция аға лейтенанты Кенбаев Сабит мен полиция капитаны Берікболов Айдос жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Жалағаш кентінің 2 тұрғыны анықталып, ұсталды. Айғақ зат ретінде  дәнекерлеуші аппарат пен электр арасы алынды.  Күдіктілердің бас шарасы қамауға алынды.

        Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігінің 3 – тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық ) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жәбірленшуі мекеменің басшылығы Жалағаш ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіруде. 

  Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: