23 қаңтарда жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылының тұрғынынан 6 калибрлі тіркеуде жоқ аңшы мылтығын алып, тәркіледі. Зауыттық тәсілмен дайындалған мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген.
Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.
Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі