Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үздік криминалист анықталды

22.01.2021

1366 0

Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмысты кім жасады? Ол қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде болды? Осы және өзге де сұрақтардың барлығын анықтау криминалист мамандарының міндеті болып табылады.

    Осы салада кәсіби шеберлігін ұштап, жедел-қызметтік міндеттерді атқаруда асқан табандылық танытып жүрген қызметкерлер жетерлік. Солардың бірі Қызылорда қалалық Полиция басқармасының, жедел криминалистикалық бөлімінің криминалисті, полиция капитаны Куламкадиров Азамат Абдразакович.  Жыл қорытындысымен Азамат «Үздік криминалист» атанып, марапат биігінен көрінді. Құқық қорғау саласында 7 жылдан бері қызметте. Алғашқы еңбек жолы ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қызметінен басталып, көптеген жетістіктерге жеткен. Қазіргі таңда оқиға орнынан бірінші болып табылып, айғақ заттар арқылы мән-жайдың ақ-қарасын ажыратумен айналысып келе жатқан криминалистика бөлімінің криминалисті. Азамат қызметі жайында:

  – «Криминалистің негізгі мақсаты оқиға болған орынды тиянақты қарап, дәлелдемелерді, іздерді жинап, суретке түсіру және тіркеу болып табылады. Мысал ретінде, ол саусақ іздері, қылмыс орнындағы қару-жарақтар болуы мүмкін. Оларды біздер арнайы зерттеу жүргізу үшін зертханаға әкелеміз. Одан кейін маман ретіндегі қорытындымызды шығарып, іске тіркейміз», – деді.

  Азамат отбасылы, жары Тастаева Динарамен үш бала тәрбиелеп отырған ата-ана. Ұлдары Абылайхан мен Батырхан  үлгілі мектеп оқушылары болса, ерке қызы Нұрдана балабақша тәрбиеленушісі.

   Азамат спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді өткізеді. Қызмет атқарған уақыт аралығында өзінің қызметтік міндеттері мен басшылар тарапынан берілген тапсырмаларды уақтылы орындайтын қызметкер ретінде көрсетіп келеді.  Жыл сайын мыңдаған ауыр қылмыстарды ашуда түрлі криминалистік есептерді жүргізіп, қылмыстың жедел ашылуына септігін тигізіп жүрген криминалистердің қызметі оңай емес.

     Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: