Жексенбі, 06 қазан, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз айналымнан 16 қару тәркіленді

02.02.2021

1060 0

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 2 512 қару иелері тексеріліп, 48 құқық  бұзушылықтар  анықталды.

Әкімшілік кодексінің 482 бабына сәйкес, заңсыз айналымнан 16 дана қару тәркіленді.

Кодекстің 484 бабына сәйкес (Қаруды сақтау  ережесін бұзу) 16 азаматқа,  486 бабына сәйкес (Қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 16 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Мысалы, 31 қаңтар күні іс-шара барысында Арал ауданы тұрғынының үй ауласындағы сарайынан ІІО тіркеуде жоқ, 2-ұңғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар  сотқа жолданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: