Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 29 қыркүйек – 2 қазан аралығында «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 935 дерегі анықталса, оның ішінде 117 дерегі шет елде тіркелген көлік құралдарының жүргізушілермен жасалған құқық бұзушылықтар.
Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асырудың (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бап) – 7, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу (571-бап) – 86 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның шартты жасаспаудың (230-бап) – 42 дерегі анықталып, 69 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!