Жалағаш аудандық пробация қызметі есептегі азаматтарды жұмыспен қамтуды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл бастама олардың қоғамға бейімделіп, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді.
“Есепте тұрған тұлғалар” профилактикалық шарасы аясында есепте тұрған азаматтармен сала мамандары кездесу өткізді. Кездесу барысында бос жұмыс орындарын таныстырып, оларды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен хабардар етті. Екі азамат тұрақты жұмыспен қамтылуға ниетті екенін білдірді.
Жалағаш аудандық пробация қызметі алдағы уақытта да есептегі азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімдеу және оларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ. Бұл бастама сотталған азаматтардың қоғамға қайта қосылуына және жаңа өмір бастауына үлкен мүмкіндік береді.
Жұмысқа орналасуға мүмкіндік алған азаматтар өз ризашылықтарын білдіріп, пробация қызметіне алғыстарын жеткізді.
- Мен пробация қызметінің көмегімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдым. Бұл мен үшін жаңа өмір бастауға үлкен қадам болды. Енді өзімді толыққанды азамат ретінде сезініп, отбасымды қамтамасыз етуге мүмкіндігім бар. Мұндай мүмкіндіктер пробация есебіндегі азаматтарға жаңа өмірге үміт береді,-дейді есептегі азамат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!