Дүйсенбі, 06 мамыр, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жас сарбаздар жауынгерлік қызметке түсті

22.08.2023

343 0

Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімде жас сарбаздардың жауынгерлік қызметке алғаш рет түсу күні мерекемен тең. Бүгін 1-2023 шақырылым жас сарбаздары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қорғау жөніндегі алғашқы жауынгерлік қызметтерін атқаруға кірісті.

Аталған салтанатты шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімі бастығы Әбдімажитов Мағжан, 5547 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Асқарбеков Асылбек, ҚР ҰҰ Қызылорда қаласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдикаримов Ерлан қатысты.

Шара барысында ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Әбдімажитов Мағжан жауынгерлерге ізгі тілегін жеткізді.

— Отан алдында борышын өтеу – әр ер азаматтың міндеті. Мемлекет тәуелсіздікке қол жеткелі бері қауіпсіздік күштері нығаюда. Елімізде әскери міндетті адал атқаруға барынша жағдай жасалған. Сіздердің алдағы қызметтеріңізге тек табыс тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етулеріңізге тілектеспін, – деді Мағжан Әбдімажитов.

Ендігі кезекте жас жауынгерлер Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстық – атқару жүйесінің мекемесінде күзету қызметін атқаратын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: