Жұма, 27 желтоқсан, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке сот орындаушылар қаулыларын санкциялау мәселесі талқыланды

01.11.2022

811 0

Қызылорда қалалық сотының ұйымдастыруымен «Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеу туралы сот орындаушыларының қаулыларын санкциялаудан бас тарту себептерін талқылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға Қызылорда қалалық сотының төрағасы Д.Кентбаев, судьялар С.Жаппасбаев, М.Ақынбек, аудандық соттың судьялары (аудандық соттар бейнебайланыс арқылы) және Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

 Дөңгелек үстел барысында судьялар мен жеке сот орындаушылар арасында соттың санкциялануына жататын қаулылар, оларды жолдау, судьялармен азаматтарды республика аумағынан шығаруды және мәжбүрлеп келтіруді санкциялаудан бас тартуы мен сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша туындайтын мәселелер талқыланды.

 Шара соңында кездесу қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелерін шешу және алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсынымдар қаралды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: