Сейсенбі, 19 наурыз, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

18.01.2021

668 0

         2021 жылдың 14 қаңтар күні  түнгі уақытта Қызылорда қаласының  көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 43 жастағы облыс орталығының  тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 19 қараша 2018 жылы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

         Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

        Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау  мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді сұрайды.

     Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: