Сәрсенбі, 27 қараша, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Жұмысқа орналастырып беремін»: Қызылордада алаяқ ұсталды

12.07.2021

1021 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 9 шілде күні алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.  Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер  «жұмысқа орналастырып беремін» –  деп, сеніміне кіріп 800 мың теңгесін жымқырған.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекснің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қала тұрғындарына ескерту! Қазір қоғамда алаяқтық жолымен жеңіл пайда тапқысы келетіндер өте көп. Оларға алданып қалмау үшін, оларға сенбеу керек. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы алаяқтарға алданбай, өз – өздеріңізге сақ болуды ескертеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: