Жұма, 26 сәуiр, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жұмысқа тұрғызуға уәде еткен алаяқ ұсталды

21.01.2021

1092 0

     Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тағы бір алаяқтың құрбаны болған 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданған. Белгісіз ер азамат «Тенгиз» газ-мұнай кен орнына жұмысқа тұрғызуға уәде беріп,  200 000  теңге ақшасын алдап алып кеткені жөнінде анықталған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған ер азамат телефон қоңырауларына жауап бермей,  бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу әлі де өз шешімін таппады.

    Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1984 жылы туған қала тұрғыны  ұсталды.

  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

       Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: