Тарих пен мұрағат жұмыр жердің мәңгілік шырақшысы іспетті. Ол елдің өткені мен бүгінінің бүкпесіз қағаз бетіне түсірілген нұсқасы. Бұл – сан ғасырлар куәсіндей болған күллі дүние күмбірі. Осындай өнегелі дүниені өмір өзегіне айналдырып жүрген бахадүр бабалар жайлы деректі материалдарды жинаған Бақытжан Ахметбекті ғылыми орта жақсы біледі.
Ол бұған дейін де бірнеше құнды жазбаны жарыққа шығарды. Жақында тағы бір жағымды жаңалық келіп жетті. Жерлесіміз, тарихшы Бақытжан Ахметбек Қазақстан тарихы энциклопедиясының 2-3 томына Сыр бойынан шыққан 19 батырды енгізіпті. Бұл – үлкен ізденістен туған еңбектің жемісті нәтижесі.
Қазіргі таңда Қорқыт ата университетінің тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Бақытжан Мұқарамұлы Сыр бойы батырлары туралы 1989 жылдан бері зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінге дейін батыр бабалар туралы 100-ден астам мақала мен 10-ға жуық кітап шығарды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!