Сенбі, 27 сәуiр, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр ақындары жеңіс тұғырында

23.12.2022

2607 0

Алашты әлемге танытқан қазақ әдебиетінің классигі, Абайтану ғылымының негізін салушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты жыр додасы өз мәресіне жетті.

Айтыстың ақтаңгері Аманжол Әлтаев тізгіндеп, Елена Әбдіхалықова, Ақберен Елгезек, Бауыржан Халиолла, Ұларбек Нұрғалымұлы, Мұхтар Ниязовтар қазақтың қақындары қазылық еткен байқау нәтижесінде Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлде ұстаз, ақын Ержеңіс Тастыбай Әбді мен Тілеген Әділовке, Бибігүл Жаппасбаева атындағы арнайы жүлде қармақшылық Сырым Адилбековке бұйырды.

Жүлделі 3 орынды жуырда ғана Алтын домбыра сайысында халық қошеметіне бөленген Сырдың ерке қызы Мөлдір Айтбай мен белгілі айтыскер Шұғайып Сезімхан иеленсе, 2 орынды өз қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас ақын Бексұлтан Орынбасар арқалы ақын Айбек Қалиевпен бөлісті. 1 орынды талай аламанда Сыр елінің абыройын асқақтатқан Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алса, Алаштың арынды ақындарының бірі Рүстем Қайыртайұлы Бас жүлдеге лайық деп танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: