Қызылорда қалалық мәслихаттың VII шақырылымдағы «AMANAT» партиясының депуттаттық фракциясының жетекшісі Жорабек Ибрагимұлы БАҚ өкілдерімен кездесіп, соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының қалалық филалы жанындағы депуттаттық фракцияның 5 отырысы өткен. Ұйымдастырылған жиналыстарда қаралған мәселелер жайлы фракция жетекшісі айтып берді. Фракцияның бірінші отырысында жол картасы бойынша нақты атқарылған жұмыстарға қорытынды жасау, депуттаттық фракциясының 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылы атқарылатын жоспарлар талқыланған.
Ал соңғы отырыс өткен жылдың 28-ші желтоқсанында өткізілген. Бұл жиналыста жол картасы бойынша жасалған 11 айда жұмыс пен депуттаттық фракция жұмысының 12 айда атқарған істері мен міндеттері туралы мәселе қаралған. Сонымен қатар бөлім басшылары арнайы қоғамдық қабылдау жөнінде жоспар әзірлеген.
– Жеке қабылдау барысында түскен 58 өтініштің 40-ы оң шешімін тапса, 18 өтініш заңгер кеңесіне ұсынылды. Барлық фракция мүшелері өз кезегінде партия ұйымдастырып келген халыққа көмек, мектепке жол акциясына белсене қатысып, өз аймақтарындағы адамдарға көмектерін берді. Бұның өзі жақсы нәтиже, – деді Жорабек Нұрымбетов.
Кезектен тыс ХХII съезде Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестердің тиімділігі арттыру бойынша тапсырма берген еді. Саяси кеңес Бюросының шешімімен 8 ден 5-ке дейін қысқартылған ұйымдарға елдің дамуына үлес қосқысы келетін, өз ісінің шеберлері топтасқан көрінеді.
Жорабек Ибрагимұлының сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері партиялық бақылау кеңесі 13 жиналыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесі 8 жиналыс, Ұлт денсаулығы мәселелері және Білім мен ғылымды дамыту кеңесі 5 жиналыс, өңірлік даму 2, жастарды қолдау кеңесі 4 бас қосу жиынын өткізген. 60-тан аса мәселе қаралып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар жолданған.
Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,
Қорқыт ата атындағы ҚУ 4 курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!