Дүйсенбі, 05 маусым, 16:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (1951)
03.06.2023
PDF мұрағаты

Барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

15.01.2021

624 0

Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық бағдары айқын екенін атап өтті.

«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы – сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарына негізделеді. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз», – деді Президент.

Тағы да оқыңыз: